6 қыркүйекте мектептің «Бүркіт» командасы облыстық «Жас әскер» әскери-патриоттық слетіне қатысты. Команда құрамына кірген оқушылар: Тарасов В., Тимошенко А., Хвостенко Е., Довгань А., Браун В., Лисица К., Скляр М., Кублицкий Д., Минкин А.
Жарыс бірнеше кезеңнен, командалық эстафетадан және келесі түрлері бойынша жеке біріншіліктен өтті:
- пневматикалық винтовкадан ату;
- КА бөлшектеу, құрастыру;
- күш гимнастикасы (тартылу, пресс).
Нәтижесінде мектеп командасы жалпыкомандалық есепте 3-орын және эстафетада 3-орынға ие болды. Жеке сынақта Дмитрий Кублицкий 1-орынға, Ксения Лисица (оқ ату) 3-орынға, сондай-ақ Ксения Лисица күш гимнастикасы бойынша 2-орынға ие болды. Ұжымды сапалы дайындағаны үшін АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы О.А.Ганкевич марапатталды.
Жақсы нәтиже көрсеткен балалар облыстық слетке қатысу үшін аудан құрамасына алынады. Оларға сәттілік тілейік!