Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қорытынды емтихандар 2025 жылдың 30 мамырынан 13 маусымына дейін өтеді:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан - 2025 жылғы 30 мамыр;
2) алгебра және талдау бастамасы бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 3 маусым;
3) ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі) -, 2025 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2025 жылғы 12 маусым;
5) ұйғыр/тәжік/өзбек/орыс тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан - 2025 жылғы 13 маусым.
Қорытынды емтихандар 2025 жылдың 29 мамырынан 9 маусымына дейін өтеді:
1) математикадан (алгебра) жазбаша емтихан - 2025 жылғы 29 мамыр;
2) қазақ/орыс тілі және ана тілі бойынша ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін эссе нысанында жазбаша емтихан (оқыту тілі), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдете оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) - 2025 жылғы 2 маусым;
3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2025 жылғы 5 маусым;
4) орыс/өзбек/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және жазбаша емтихан қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша - 2025 жылғы 10 маусым.