Мектеп басшысы Е.Б. Журавлёва мен медициналық қызметкер Ж.Б. Ахметжанова дайындалған тағамдардың сапасына бақылау жасады.
Тексеру барысында өнімдердің салмағы мен көлемінің белгіленген нормаларға сәйкестігі, пайдаланылған азық-түліктердің жарамдылық мерзімі, сондай-ақ тағамдардың дәмі, иісі, сыртқы көрінісі мен құрылымы бойынша органолептикалық талдау жүргізілді.
Тамақтану санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тағамдар уақтылы әрі жылы күйінде ұсынылады.
Бақылау – оқушыларды қауіпсіз, теңгерімді және толыққанды тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.