Қазан айында “Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ-де асхананың жағдайы мен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын тексеру тұрақты түрде жүргізілді.
Комиссия өнімдердің сақтау мерзімдерін, санитарлық нормалардың сақталуын, дайындалған тағамдардың сапасын және қызметкерлердің жұмысын бақылап отырды.
Тексеру нәтижелері бойынша ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Асхана тұрақты жұмыс істейді, жабдықтар жарамды, азық-түліктер жаңа, санитарлық жағдай қанағаттанарлық деңгейде.
Тағамдар технологиялық карталарға сәйкес дайындалады, тамақтану теңгерімді және СанЕмН талаптарына сай келеді.
Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етілген, медициналық тексерулер уақытылы өткізіледі.
Қорытынды: мектептегі тамақтануды ұйымдастыру қанағаттанарлық деп танылды.
Оқушылардың тамақтануы санитарлық талаптарға және бекітілген мәзірге толық сәйкес жүргізіледі.







