Балалардың тамақтану рационы бекітілген перспективалық мәзірге сәйкес келеді. Мектептің ас блогында азық-түлікті сақтау және уақтылы пайдалану мерзімдерін сақтау мониторингі азық-түлікті сақтау мерзімдері мен шарттары өндіруші қаптамада белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келетіндігін көрсетті. Азық-түлікті сақтау температурасы санитарлық ережелерге сәйкес келеді. Дайын өнімді беру сынаманы алғаннан кейін және медицина қызметкерінің тағамдарды беруге рұқсат беретін бракераж журналына жазғаннан кейін ғана жүргізіледі. Бүгінгі мәзір: үйдегідей қуырдақ, жеміс (алма), кисель, ақ нан.