14 ақпанда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын іске асыру аясында 9-сынып ата-аналарымен "Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады? " тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты - ата-аналарға эмпатияны дамытуға, жасөспірімдермен өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
Сабақ барысында "Есіңізге түсіріңіз" ойыны өткізілді, онда ата-аналар балаларының жасындаюғы өздерін еске алып, мінез-құлықтағы сәйкестік туралы ойларымен бөлісті. Теориялық бөлімде ата-аналар жасөспірімнің ерекшеліктерін зерттеп, қандай мәселелер туындауы мүмкін екенін талқылады. Сондай-ақ, ата-аналармен топтық жұмыс жүргізілді. Ата-аналар "Жасөспірім портретін" қызығушылықпен жасады, "Жасөспірімді түсіну және онымен қарым-қатынаста жанжалдарды оң шешу үшін ересектер не істеуі керек?" тақырыбындағы кейстерді талқылады.