✨Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы✨
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында 1 "А" сыныпта педагогикалық қолдау орталығының сабақтары өтті. Онда ата-аналар, сынып жетекшісі және педагог-психолог бірінші сынып оқушыларын тәрбиелеу және оқыту мәселелерін бірлесіп талқылау үшін жиналды.
👨👩👧👦Басты назар аударылды:
- • Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырудағы ата-аналардың рөл;
- • Үйде және сыныпта қолайлы атмосфера құру;
- • Жаңа әдеттер мен дағдыларды қалыптастыру кезеңінде оқушыларды қолдау әдістері.
Мұндай өзара әрекеттестік әрбір бала өз әлеуетіне жетіп, өзін табысты сезінуі үшін отбасы мен мектеп арасында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді.