|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
24
Қыркүйек
2024
|
9 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Онда оқушылардың ішкі тәртібі, мектеп формасына қойылатын талаптар, қорытынды аттестацияға оқушылардың дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Кездесу аясында отбасылық бақыт пен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында «Құндылықтар- отбасы бақытының негізі» атты АПҚО сабағы өтті.
|
31
Мамыр
2024
|
Облыстық "Үндестік" жобасын, сондай-ақ ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын іске асыру аясында мектепте ата-аналар жиналысы өтті. АПҚО сабақтарындағы негізгі сұрақтар оқушыларды қорытынды аттестаттауға, емтихандарға, ҰБТ-ға дайындау болды. Сондай-ақ, оқушылардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру маңызды мәселе болды. Сонымен қатар ата-аналар сынып жетекшілерімен және мектеп әкімшілігімен жеке кеңес ала алды.







