Осы аптада "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын, 5-сынып оқушыларына арналған "ДосБолLike" республикалық жобасын іске асыру аясында "Өз-өзіне сенімділік - сыныптағы табысты қарым-қатынастың кепілі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаттары:
✔ Өзіне деген сенімділік пен қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
✔ Сыныпта достық атмосфера құру.
Сабақ барысы:
🎤 Пікірталас - қорқытудың не екенін, оның түрлері мен салдарын талқылады.
Топтарда жұмыс - өмірлік жағдаяттарды талдап, жанжалдардан шығудың жолын тапты.
🎭 Ойын тренингі - сенімділік жаттығулары, өз шекараларын қорғау және эмпатияны дамыту.
💬 Ашық диалог – пікірлерімен бөлісті, сыныпты барлығына ыңғайлы ету жолдарын іздеді.
Сынып сағатының соңында балалар бірге "Сенімді және игілікті сынып кодексін" жасап, онда сыйлы қарым-қатынас ережелерін анықтады.