"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру аясында кітапханаға "Ертегілердің сиқырлы әлемі" әдеби викторинасы өткізілді.
2-сынып оқушыларына арналған викторина балаларға сүйікті ертегілері мен кейіпкерлері туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік беретін қызықты және танымдық іс-шараға айналды. Викторина барысында балалар әдеби шығармаларға қатысты сұрақтарға жауап беріп, тамаша нәтижелер көрсетті. Іс-шара балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін және шығармашылық ойлауын дамытуға көмектесті және оларға кітаптармен тілдесу қуанышын сыйлады.