13 наурызда мектебіміздің жас мұғалімі Алина Ивановна Райнгарт «Жас мұғалімдерге арналған педагогикалық конструктор» жобасы аясында Рудный қаласында «Кедергісіз мектеп» Bootcamp-тың ұйымдастыруымен өткен семинарға қатысты.
Семинар маңызды тақырыпқа — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналды. Қатысушылар жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысты, мұндай балалармен өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары туралы білді. Сондай-ақ, жас педагогтар нормативтік құжаттарды зерделеп, ҚМЖ құрастыруды түсінді.
Мұндай іс-шаралар мұғалімдерге сенімді болуға, білімдерін кеңейтуге және оқытуда жаңа тәсілдерді қолдануға көмектеседі.