Бүгін мектеп басшысы Журавлёва Е.Б. және медицина қызметкері Ахметжанова Ж.Б. мектеп асханасындағы тамақтануды ұйымдастыруды тексерді. Мониторинг барысында өнімдердің жарамдылық мерзімі, порциялардың бекітілген нормаларға сәйкестігі талданды. Сондай-ақ тағамдардың дәмі, иісі, сыртқы көрінісі мен консистенциясын бағалауды қамтитын органолептикалық талдау жүргізілді. Мұндай тұрақты тексерулер оқушыларды сапалы, қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз етуге көмектеседі.