Бүгін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын, «Еңбегі адал жас өрен» жобасын жүзеге асыру және айдың «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылықтары аясында мектебімізде 6-сынып оқушыларының Қостанай қаласындағы «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің өкілдерімен кездесуі өтті.
🔹 Оқушыларға лицейде білім алу мүмкіндіктері, қабылдау шарттары мен емтихандары туралы айтылды.
🔹 Әр оқушыға өздері мен ата-аналары үшін толық ақпарат берілген ақпараттық буклет тапсырылды.
✨ Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ білім беру бағытын таңдауға көмектесіп, оларды жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады! 🚀