Өткен оқу аптасында мектепте барлық оқушылар мен қызметкерлер үшін "Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер" тақырыбында оқу-жаттығу эвакуациясы өтті.
Оқу эвакуациясы – бұл төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйесіндегі өте маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – мектептің ТЖ орын алған кездегі қызметкерлер мен оқушыларды жедел әрі денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін жолмен эвакуациялауға дайындығын жан-жақты тексеру.