Бүгінгі алғашқы күн «Сана, ойлан, тап!» жарқын ұранымен өтті.
Бұл күн математиканың — ғылымдар патшайымының құрметіне арналды!
Әр сыныпта қызықты да тартымды іс-шаралар ұйымдастырылды:
— 1-сыныптар — «Математикалық квест»
— 2-сыныптар — «Математикалық шайқас»
— 3-сыныптар — «Математикалық турнир»
— 4-сыныптар — «Есептеу тізбегі»
Балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, және әр сыныпта алғашқы жеңімпаздар — біздің математикалық жұлдыздарымыз анықталды:
1А — Нурмухамбетов Арлан мен Аншютц Екатерина
1Б — Базарбай Арнұр
2А — Доля Кирилл
2Б — Верезомский Всеволод
3А — Миллер Владислав
3Б — Исмаилова Камила
4А — Нұрлыбаев Әлішер
4Б — Биклеев Ахметжан
Ақылды да алғыр оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Апталық жалғасуда және әр күн жаңа ашылуларға, жаңа білімге және жаңа кейіпкерлерге толы болады!