Мектеп ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысты. Экологиялық бастама аясында Май ауылдық округінің аллеясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ортақ күшпен қоқыс жиналып, бұталар қырқылып, аумақ тәртіпке келтірілді — осылайша тұрғындар мен қонақтар үшін бұл жер бұрынғыдан да таза әрі жайлы бола түсті.
Мұндай игі істер — табиғаттың тазалығына қосқан үлес қана емес, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың қоршаған ортаға деген құрметін тәрбиелеудің маңызды бөлігі.
Таза ел – әрқайсымыздан басталады!