10 сәуір күні, 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Менің денсаулығым. Мен қалай тамақтанамын?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты жас педагог Райнгарт Алина Ивановна жүргізді. Өз жұмысында ол облыстық семинарларда танысқан түрлі әдістемелік материалдарды тиімді пайдаланды.
Сабақ жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен өз ойларын айтып, тапсырмаларды орындап, топта жұмыс жасады. Педагог оқушыларды баурап, танымдық қызығушылықтары мен өз бетінше ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасай алды.
Әріптестер сабақтың жоғары деңгейде өткенін, қолданылған әдіс-тәсілдердің әртүрлілігін, сабақтың сауатты ұйымдастырылуын және сыныптағы тату көңіл күйді атап өтті.