Тексеруге мектеп директоры Е. Б. Журавлёва, медициналық қызметкер Ж.Б. Ахметжанова, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында дайындалған тағамдардың сапасына, өнімдердің жарамдылық мерзіміне, тағам нормаларының сақталуына және порциялардың дәлдігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар органолептикалық талдау жүргізілді – яғни, тағамның дәмі, иісі, сыртқы көрінісі мен консистенциясы бағаланды.
Тексеру қорытындысы бойынша мектеп асханасындағы тамақтану санитарлық талаптарға сай деп танылды.
Мұндай бірлескен тексерулер мектептегі тамақтану сапасының ашықтығы мен сенімділігін арттыруға септігін тигізеді.