11 сәуірде «№1Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. «Саралау – қазіргі сабақтың ажырамас бөлігі» тақырыбындағы семинар педагогтердің тәжірибе алмасуына және кәсіби дамуына арналған маңызды алаңға айналды.
Мектебіміздің мұғалімі Даулбаева Камшат Муссаевна «Білім алушылардың оқуға қабілеттілігін дамытуда саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында мазмұнды да әсерлі шебер-сынып өткізіп, оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған заманауи оқыту әдістерімен бөлісті. Оның баяндамасы әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізудің жарқын үлгісі болды.
Осындай семинарлар оқыту сапасын арттыруға, мұғалімдерді біріктіруге және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға ықпал етеді!