Жаттығу — бұл тек денсаулық туралы ғана емес. Бұл бізге оянып, бүкіл күнге сергектік сыйлайтын әрекет. Күнімізді барынша пайдалы өткізуге көмектеседі!
Спорттық-эстетикалық бағыттағы ӘБ апталығы аясында мектепте "Жаттығулар марафоны" өтуде. Бұл арқылы оқушыларға жаттығудың түрліше, қызықты әрі ең бастысы, пайдалы болатынын көрсеткіміз келеді!