Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады!
Жалпыхалықтық «Таза Қазақстан» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру аясында мектебіміздің қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты!
Ағаштарды әктеу, қоршауларды жаңарту және мектеп ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді. Осындай шағын қадамдар — ортақ үйіміздің тазалығы мен жайлылығы үшін үлкен үлес!
Біз бірге айналамызды таза әрі көрікті етеміз!