Біздің мектеп оқушылары мен түлектер Май ауылдық округінің намысын аудан құрамасында абыроймен қорғады:
— Тимошенко Артём — қол күресінен 3 орын
— Осипов Сергей — таяқ тартысынан 3 орын
— Хвостенко Егор — 30 кг салмақпен отырып тұру жарысынан 3 орын
— Май ауылдық округінің құрамасы арқан тартыстан тек Тобыл ауылының мықты командасына жол беріп, 2 орынды иеленді!
Біз спортшыларымызды мақтан етеміз!
Сіздер — біздің күшіміз бен болашағымызсыздар!