«Біртұтас тәрбие» тәрбие беру бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханашы Чайгуцкая Анна Валентиновна балабақша тәрбиеленушілеріне қызықты бағдарлама ұсынды.
Ол балаларға ертегілер оқып, түрлі-түсті кітаптарды көрсетіп, кітапхана әлемінің сиқыры туралы әңгімелеп берді. Бүлдіршіндер үлкен қызығушылықпен тыңдап, әр түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу өте жылы әрі танымдық сипатта өтті, ал балалар жаңа таныстыққа ерекше қуанды.