Қатысушылар жақсы көңіл күйді қалай сақтау, ұсақ-түйектен қуаныш табу және өзіне де, айналадағы адамдарға да мейірімді болу жолдарын талқылады ☀️
📌 Кездесудің тақырыптары:
🔻 Бізді бақытты ететін не?
🔻 Өзін түсінуді қалай үйренуге болады?
🔻 Үлкен бақытқа апарар кішігірім әдеттер 💫
Балалар талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және күн сайын орындайтын жағымды әдеттердің тізімін жасады!
Алда — ішкі жан дүниені дамыту мен сыныптағы достықты нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар!
Фракция игі істер мен өзіңе және өзгеге қамқор болуға шабыттандыруды жалғастыруда!