Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза аудан — салауатты орта!» әлеуметтік маңызы бар жоба шеңберінде ұйымдастырылды.
Экологиялық слётке аудан мектептерінің 8 экологиялық жасағы қатысты. Қатысушылар өз өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік экожобаларын қорғады. Сонымен қатар мектебіміздің ұйымдастыруымен қызықты экологиялық квест өткізілді.
Жоба байқауының қорытындысы бойынша біздің командамыз жүлделі ІІ орынды иеленді!
Жобамыздың атауы: «Экоимпульс. Майское ауылының жасыл жолы». Біз ортақ экологиялық іске қосқан үлесімізді мақтан етеміз!