ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Майское, ул. Ли Ен Бем, 4
8 (71436) 2-71-79
maitrn@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Майская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Май ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – барлық негіздің бастауы» атты рухани қарым-қатынас сағаты өтті. Бұл шара — екі буынның кездесуі. 6 «Б» сынып оқушылары — «Энтузиаст-өлкетанушылар» клубының мүшелері «Демалатын уақыт келді» клубының қатысушыларын Отбасы күнімен  құттықтады. Жас ұрпақ өкілдері аға буынға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Айта кетерлігі, бұл кездесуде әже мен немере де бірге болды. Ардагерлер кеңесінің төрайымы Жантуарова Асия Нұрсұлтанқызы жас ұрпаққа тағылымды өсиет айтып, ризашылық белгісі ретінде оқушыларға шоколадтар сыйлады. Кейін екі буын өкілдері жылы шәй үстінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы ой бөлісіп, достық жағдайда әңгіме өрбітті. Шара эмоционалды жайлылық атмосферасында өтіп, ата-анаға, жақын адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрметті, өз отбасыңа деген мақтаныш сезімін оятты.

© 2025. Все права защищены.