Бұл іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды.
🎞️ Фильмде оқушылар Абайдың өмірі мен философиясымен, оның мәдениет, әдебиет және қоғамдық ой-пікірдің дамуына қосқан үлесімен танысты. Ерекше назар Абайдың идеяларын ағартушылық және рухани бағытта жалғастырған ізбасарларына аударылды.
✨ Көрсетілім барысында оқушылар ұлы тұлға туралы көбірек мағлұмат алып қана қоймай, сонымен қатар адами құндылықтар, өзін-өзі тану, білімнің маңыздылығы және рухани даму туралы ойланды.