🎙 Халықаралық Балаларды қорғау күні аясында «Оратор» дебат клубында өзекті әрі маңызды қарар бойынша тақырыптық дебаттар өтті:
«Бұл палата әлеуметтік желілерде балаларды тіркеу үшін ата-анасының келісімі қажет деп санайды».
🧠 Пікірлер терең, әсерлі және ересектерше дәлелді болды. Қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:
🔸 цифрлық қауіпсіздік мәселелері,
🔸 ата-аналардың жауапкершілігі,
🔸 баланың интернеттегі дербестігі мен өзін-өзі көрсету құқығы,
🔸 бақылау мен сенім арасындағы шекара.
Мұндай дебаттар тек сөйлеу мен ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әр баланы толғандыратын маңызды тақырыптарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.
Біздің жас ораторларымызға бейжай қарамағаны, батылдығы мен кеңінен ойлай білетіні үшін алғыс айтамыз! 💬