Бүгін мектеп әкімшілігі мен әкімдік өкілдері бірлесіп, Май ауылдық округінің аумағында, оның ішінде жаз мезгілінде балалар үшін қауіпті болуы мүмкін орындарда тексеру жұмыстарын жүргізді.
🔍 Тексерілген нысандар:
* Ескі және қараусыз қалған ғимараттар
* Қоршаусыз аумақтар
* Аят өзенінің жағалауы
🎯 Мақсат – жазғы демалыс кезінде балалардың жарақат алуын, қараусыз жүруін болдырмау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
❗ Ата-аналарға ескертеміз:
✅ Балалардың бос уақытын бақылауда ұстаңыздар
✅ Оларға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер
✅ Қауіпті жерлерден аулақ болуын қадағалаңыздар.