Мектептің өзін-өзі басқару Парламентінің белсенділері маңызды әрі ізгі іс-шара өткізді: біз жаз мезгілінде — су айдындарында, жолда және төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелері туралы есте сақтауға арналған жадынамалар тараттық.
📋 Ақпараттық парақшаларды алды:
👨👩👧👦 ата-аналар,
👵👴 әжелер мен аталар,
🏡 және ауылымыздың жай тұрғындары — оқушыларымыздың туған-туыстары мен жақындары.
Біз сенімдіміз: білім – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы!
Жаз мезгілі әр адам үшін жылы, жарқын және ең бастысы – қауіпсіз болсын! 💛