Мектепте жазғы мектеп жанындағы алаң жұмысының ұйымдастырылуына байланысты педагогикалық ұжымның жұмыс отырысы өтті.
👩🏫 Жиында негізгі жұмыс бағыттары, іс-шаралар жоспары, балаларды қамту, қауіпсіздік мәселелері және мұғалімдер арасында жауапкершілікті бөлу мәселелері талқыланды.
Оқушылар үшін қызықты, қауіпсіз әрі пайдалы демалыс ұйымдастыруға жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
☀️ Жазғы ауысым жақын арада басталады, біз балаларға жарқын, белсенді әрі танымға толы жазды сыйлауға дайынбыз!