Аталған жиындарға ауданның 11 мектебінен 42 оныншы сынып оқушысы қатысты.
Оқу-далалық жиын барысында жасөспірімдер оқ ату, дене дайындығы, саптық және тактикалық даярлық, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша нормативтер тапсырды. Барлық кезеңдер бойынша біздің мектептің оқушылары жақсы нәтижелер көрсетті.
Браун Вадим үздік бөлімше командирі ретінде марапатталып, келесі жетістіктері үшін мақтау қағазымен марапатталды:
– 100 метр қашықтықта – І орын;
– Граната лақтыру – ІІ орын;
– 3000 метр кросс, турникке тартылу және ОЗК кию – ІІІ орын.
Копылов Георгий келесі жарыстарда жүлделі орын алып, мақтау қағаздарын иеленді:
– 100 метр қашықтықта – ІІ орын;
– Магазинді оқпен жабдықтау – ІІ орын.
Чучкалов Кирилл:
– 3000 метр қашықтықта – І орын;
– Жалпы әскери қорғаныс костюмін (ОЗК) кию – ІІ орын.
АӘТД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Ганкевич О.А. білім бөлімі тарапынан балаларды дайындағаны және оқу-далалық жиынды сәтті өткізгені үшін алғыс хатпен марапатталды.