Отырыс барысында әлеуметтік қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқан және ерекше назарды қажет ететін отбасылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мәселелері талқыланып, олардың тұрмыс және тәрбие жағдайларына баға берілді.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) анықталған заңбұзушылықтарды жою және балалардың мінез-құлқына бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, жеке профилактикалық жұмыс шаралары айқындалды.