2025 жылдың 20–27 маусым аралығында Өскемен қаласында 2007–2008 жылы туған қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Қостанай облысының құрамында мектебіміздің оқушысы – Назарова Нурайым өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі III орынды иеленіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Нурайымды республикалық деңгейде сәтті өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық жетістіктер, жеңістер мен шабыт тілейміз! Біз сенің жетістігіңмен мақтанамыз!