Ұлы ағартушы, реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 11-сыныпта тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың ұйымдастыруымен қызықты интерактивті ойын-викторина өтті.
🔹 Жоғары сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін сынады.
🔹 Қазақ жазуы мен әдебиетінің қалыптасу тарихына терең үңілді.
🔹 Оның білім беру мен мемлекет қалыптастырудағы ұлы еңбегін еске алды.
✨ Викторина жанды диалог пен бәсекелестік форматында өтіп, оқушыларға жаңа білім сыйлап, Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.