Мектебімізде «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы аясында айдың маңызды құндылығы — тәуелсіздік пен патриотизмге арналған сынып сағаттары өтті.
Бұл құндылық жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке, азаматтық ұстанымға және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған.
Сынып сағаттарында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи оқиғаларын еске алып, халықтың ерлігі мен Мемлекеттік рәміздеріміз — Ту, Елтаңба және Әнұран туралы ой қозғады. 🇰🇿
Балалар нағыз патриот болудың мәні неде екенін, Отанға деген сүйіспеншіліктің іс-әрекетте, оқуда, еңбекте және бір-біріне құрметпен қарауда қалай көрініс табатынын талқылады.
Мұндай іс-шаралар оқушыларды тарих пен дәстүрді құрметтеуге, ұлттық бірлік сезімін қалыптастыруға және туған елге деген мақтаныш рухын оятуға көмектеседі.