Мектебімізде шахмат үйірмесі табысты жұмыс істеп келеді. Онда оқушылар логикалық ойлауын, зейінін және шыдамдылығын дамытады.
Сабақтарда балалар стратегиялық ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды және алға қойған мақсаттарына жетуді үйренеді 🎯.
Үйірме қатысушылары шахмат ойынының негіздері мен қыр-сырын қызығушылықпен меңгеріп 🤓, мектепішілік және қалалық турнирлерге қатысып 🏆, мектебіміздің абыройын лайықты қорғап жүр 🎓.