Қазіргі заман адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін күтпеген оқиғаларға толы. Табиғи, техногендік және биологиялық-әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар көбіне кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде туындайды. Алайда адамзат кейде әдейі жасалған, қасақана әрекеттердің салдарынан болатын қайғылы оқиғаларды да бастан кешіреді. Кез келген адам белгілі бір жағдайға байланысты қылмыскерлердің тұтқынына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда террористер үшін сіздің өміріңіз сауданың нысанына айналуы ықтимал. Тұтқынға алу көлікте, мекемеде, көшеде немесе пәтерде болуы мүмкін.





