Біз әлемді таза етуді жалғастырамыз!
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында мектебіміздің ұжымы тағы да аумақты тазалауға жұмылдырылды. Бүгінде мектеп ауласы ұжымдық еңбектің арқасында бұрынғыдан да тазара түсті – түскен жапырақтар алынып, гүлзарлар ретке келтірілді. 🌿
Біз әрбір қатысушының экологиялық жағдайды жақсартуға қосқан үлесін мақтан тұтамыз және біздің үлгі басқаларды шабыттандырады деп сенеміз! 💪