Оқушылардың күзгі бос уақытын тиімді өткізу және буллингтің алдын алу мақсатында мектептің педагог-психологы 5А сыныбының оқушыларымен қызықты іс-шара өткізді. 🌟
Оқушылар квест-миссия барысында ойындар мен топтық тапсырмалар арқылы бір-бірін жақсырақ түсінуге, қиын сәттерде қолдау көрсетуге және достықты бағалауға үйренді. 💬🤝
Мұндай кездесулер балалардың эмпатиясын, ұйымшылдығын және жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытады.
Күзгі демалыс — ізгі істер мен жаңа әсерлер уақыты! 🍁✨









