Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5 "А" сыныбының сынып жетекшісі Крохина Е.М. қызықты іс-шара — "Жас биологтар зертханасы" атты сабағын өткізді. 🌿
Оқушылар жасуша әлеміне ғылыми саяхат жасап, оның құрылысы мен қызметін зерттеді, тәжірибелер орындап, өздерін нағыз зерттеуші ретінде сезінді! 🧫🧠
Іс-шара жылы шырайлы шай ішумен аяқталды 🍵 — достық, қуаныш пен жақсы көңіл күй атмосферасында өтті.
Күзгі демалыс — жаңа білім мен жақсы әсерлер уақыты! 🍂✨








