«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектепте күн сайын «Дауыстап оқу» сағаты өтеді.
📚Енді 15 минуттық “дауыстап оқуды” балалар өздері оқиды!💬✨
Бүгін үзілістер кезінде мектебіміздің дәліздерінде оқушылардың дауыстары естілді — балалар сүйікті кітаптарын дауыстап оқыды! 📖
Бірі – қызықты оқиғалар туралы әңгімелерді, бірі – мейірімді ертегілерді, енді бірі – тыңдаушылардың жүрегін елжіреткен өлеңдерді таңдады.
Бар болғаны 15 минут, ал әсері қандай ерекше: күлкі, қызығушылық, қуаныш! 💫 







