Бүгін мектебіміздің педагогтары мен психологтары оқушылар үшін ерекше психологиялық тәжірибе — «Уақыт капсуласы» іс-шарасын ұйымдастырды. ⏳💛
Оқушылар болашақтағы өздеріне арнап хат жазып, сезімдерімен, армандарымен, мақсаттарымен және үміттерімен бөлісті. Мұндай тәжірибе балаларға өзін тереңірек түсінуге, болашақтағы жоспарлары туралы ойлануға және өз келешегіне үмітпен, шабытпен қарауға мүмкіндік береді.
«Уақыт капсуласы» — баланың ішкі ресурсын нығайтуға, эмоционалдық жағдайын қолдауға, сондай-ақ өзінің қалай өсіп, өзгеріп жатқанын көруге көмектесетін әсерлі әрі шабыттандыратын тәсіл.
Баланың ішкі әлемін қолдау — біздің ортақ жолымыздың маңызды бөлігі. 💫








