💛 Дүниежүзілік балалар күніне орай 5 «А» сынып оқушыларының бейімделуіне бағытталған іс-шара өтті.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, түрлі тапсырмаларды орындады, бір-бірімен әрекеттесуді, сенуді және ортақ шешім табуды үйренді. Мұндай белсенді жұмыстар балаларға жаңа ортаға тез үйренуге, достық қарым-қатынастар орнатуға және мектепте өздерін сенімді сезінуге көмектеседі.
Қолдау, қамқорлық және достық — әрбір баланың жайлы бейімделу жолындағы маңызды қадамдар. 🌈✨





