2 «А» сыныбында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында ай құндылығы — «Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Бүгін балалар өте маңызды тақырып — өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік туралы әңгімелесті. Олар танымдық мультфильм көріп, оның мәнін бірге талқылады. Бұдан кейін әр бала «бірдеңе жасамас бұрын ойланудың маңызы» туралы өздерінің кішкентай оқиғаларын салып, бояп, шығармашылық түрде көрсетті.
Мұндай сабақтар балаларды өз әрекеттерін талдауға, оның салдарын түсінуге және ойланып, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Шағын қадамдар - үлкен құндылықтарға апарар жол💛✨







