Коворкинг — мектеп кітапханасындағы орталық 📚
Біздің мектебіміздің кітапханасында оқушыларға демалуға, кітап оқуға және уақытты тиімді өткізуге арналған жайлы коворкинг орталығы бар. Бұл кеңістік балаларға сабақтар арасында демалуға және оқу атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік беру үшін жасалған. 📖✨
Сонымен қатар, үзілісте театр үйірмесінің жетекшісі өткізетін шағын театр ойындары өтеді. Бұл мектеп оқушылары үшін өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға және қызықты импровизацияларға қатысуға тамаша мүмкіндік. 🎭🎉
🔶 Коворкинг орталығы мен театр ойындары оқушыларымызды жан-жақты дамытуға бағытталған "Біртұтас тәрбие" тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.