Бүгін 11-сынып оқушылары «ҰБТ–2026» тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты.
Кездесу барысында маман алдағы тестілеудің негізгі өзгерістерін, құрылымын, бағалаудың жаңа тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп, түлектердің сұрақтарына жауап берді.
Он бірінші сынып оқушылары үшін бұл маңызды кезең — ҰБТ-ға жақсырақ дайындалуға және өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алуға берілген тамаша мүмкіндік болды.






