Бүгін мектеп белсенділері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмағанбетов Ж.Т. және тәлімгер Чайгуцкая Е.И. жетекшілігімен бастауыш сынып оқушыларына көңілді үзіліс ұйымдастырды.
Оқушылар үзіліс кезінде қазақтың ұлттық «Сақина салу» ойынын ойнап, керемет көңіл-күй сыйлады. 🎉
Балалар ерекше қызығушылық танытып, ептілік, зейін және бірлік қасиеттерін көрсетті.
💛 Мұндай шаралар оқушыларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстырып қана қоймай, ана тілінің достық пен бірлікті насихаттайтын рухын сезінуге мүмкіндік береді.







