26 желтоқсанда Май жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Томилин Максим біздің мектеп базасында өткен аудандық жаңа жылдық шыршаға қатысты.
Мерекелік іс-шара Бейімбет Майлин ауданының әкімі Муржакупов Қ.Б. атынан ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінен 40 оқушы қатысты.
Балаларды жылы лебіздермен және ізгі тілектермен аудан әкімінің орынбасары Ибраев Е.Б. мен «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Алимбаева А.Т. құттықтады.
Мереке балаларға қуанышқа, жаңа жылдық ғажайыпқа толы ерекше көңіл күй сыйлады. Әр балаға сыйлық 🎁 пен көтеріңкі көңіл күй тарту етілді.
🎄 Келе жатқан Жаңа жыл барлық балаларға бақыт, денсаулық және армандардың орындалуын әкелсін! ❄️✨





