26 желтоқсанда Май жалпы білім беретін мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Дандыбай Назерке біздің мектеп базасында өткен аудандық жаңа жылдық шыршаға қатысты.
Мерекелік іс-шара Бейімбет Майлин ауданының әкімі Муржакупов Қ.Б. атынан ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінен 40 оқушы қатысты.
Балаларды жылы лебіздермен және ізгі тілектермен аудан әкімінің орынбасары Ибраев Е.Б. және «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Алимбаева А.Т. құттықтады.
Мереке балаларға қуанышқа, жаңа жылдық ғажайыпқа толы әсер сыйлады. Әр балаға сыйлық 🎁 пен көтеріңкі көңіл күй тарту етілді.
🎄 Келе жатқан Жаңа жыл барлық балаларға бақыт, денсаулық және орындалған арман-тілектер әкелсін!





